Қарағанды қалалық "Төлеутай ата" мешітінің имамы Рауан Төлеуқұлұлының ұйымдастыруымен " футболдан турнир өтті.
Аталмыш шараға мешіт жамағаты, "Олжас Есенұлы" атындағы медресе шәкірттері және Пришахтинск елді мекенінің жастарыда белсенділік танытты.Турнирге барлығы бес команда қатысты.
Спортпен айналысу Пайғамбарымыз с.ғ.с. сүннеті. Денсаулық- бұл үлкен нығмет. Қазақта “Шынықсаң шымыр боласың", "Дені саудың-жаны сау" деген керемет сөздер бар.Спортпен айлалысу- бойымызды тазалап, қан айналымымызды жақсартып, біздің ойлау қабілетімізбен санамызға оң әсерін береді.
Адам сергек жүрсе, оның рухани қуаты да мол болады. Оның үстіне, осындай шаралар жамағат арасындағы ынтымақтастықты нығайтып , денсаулығымызды жақсартып оң әсерін береді. Турнир соңында шараға ат салысқан командаларға алғыс хат табысталды.
ТӨЛЕУТАЙ АТА МЕШІТІ: КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы