Center Image
IHSAN.KZ
«Уақып» қорына Құран кітаптары тарту етілді
«Уақып» қорына Құран кітаптары  тарту етілді

   Қарағанды қаласының екі бірдей тұрғыны облыстық «Әнет баба» мешітіне арнайы келіп, «Уақып» қорына қасиетті Құран кітаптарын тарту етті.

Уақып етілген Құран кітаптарын «Уақып» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы  ресми түрде қабылдап алды.

Қорға тарту етілген кітаптар облыстық «Әнет баба» мешітіндегі кітап сөресіне қойылып, жамағаттың игілігіне ұсынылды.

Сарқылмас сауаптың бірі – уақып жасау. Өзінің иелігіндегі мүлікті халықтың қажетіне пайдалануға өткізіп, Алла разылығы үшін атап беруді уақып деп атайды.

«Әли-Имран» сүресінің 92-аятында: «Жақсы көрген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар» делінген.

Ардақты пайғамбарымыз: (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер қаласаң, ол жерді уақып ет те, одан түскен пайданы садақа етіп отыр» деп, уақыптың маңыздылығын білдіреді. Ислам тарихында уақыптың ең алғашқы амалы осындай дәрежеде орындалған.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz