ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен тағдырдың тауқыметін тартып отырған жандарды бағып отырған дін жанашырына кіші қажыллыққа жолдама табысталды. Игі бастамаға Hickmet Travel қажылық компаниясы және демеуші азаматша қолдау көрсетіп, мүгедек жандарды асырап отырған Бағила есімді ананың қажылықа баруына себепші болды. Қайырымдылық шарасы барысында Бағила апаны кіші қажылық сапарына арнайы шығарып салуға келген қордың облыс бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлы дін жанашырының ерен еңбегі үшін үлкен алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Айта кетейік, шаңырағында екі мүгедек жанды бағып отырған Бағила апа игі істерге ат салысып жүрген дін жанашыры. Өзінің атқарып отырған сауапты ісінен бөлек мешіттерде өтіп жатқан қайырымдылық шараларына ат салысып жүрген қоғам белсендісі. Айта кетейік, бұл бастама «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің тарихында тұңғыш рет жүзеге асып отыр.
ҚМДБ-ның қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы