Center Image
IHSAN.KZ
Аймақ жастары «Әнет баба» мешітінде бас қосты
Аймақ жастары «Әнет баба» мешітінде бас қосты

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағытының және «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен аймақ жастары мен еріктілер тобы және студенттер қазақы киіз үйде бас қосты.

Берекелі шара барысында қазақ жастарына «дін мен дәстүр» бағытының жауапты өкілі бақдәулет Қыдырбайұлы дін мен дәстүрдің құндылықтарын насихаттады. Одан кейін, «Жастар ісі» секторының жауапты меңгерушісі Думан Қамариденұлы уағыз-насихат айтты.

Шара барысында қарттар күнінің құрметіне орай мешіттің құрметті ақсақалы арнайы кешке қонақ болып, жастарға тәрбие танымдық насихат айтты.

Кеш соңында барлық қонақтарға салт-дәстүрдің құндылықтары насихатталған кітаптар тарту етілді.

 

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz