Center Image
IHSAN.KZ
Саранда ақсақалдарға құрмет көрсетілді
Саранда ақсақалдарға құрмет көрсетілді

   Халықаралық қарттар күніне орай Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен мешіт ақсақалдарына  мерекелік шара ұйымдастырылды.

Атаулы күнге орай мешіт асханасында ақсақалдарға арнайы дастархан жайылып, құлшылық ордасының қызмектерлері құрмет көрсетті. Сондай-ақ, мешіт имамы Нұржігіт Оразалыұлы қарияларға арнайы сыйлықтар тарту етіп, құттықтау лебіздерін білдіріп, үлкендерді құрметтеудің асыл дініміздегі орны мен маңыздылығы жөнінде насихат айтты.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz