Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің жанынан ашылған діни сауат ашу қайырымдылық орталығына ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан он компьютер құрылғысы тарту етілді.
Жақында ашылған діни сауат ашу қайырымдылық орталығы жаңа оқу жылында өзінің қызметін бастап, шәкірттерге діни дәрістер басталып та кетті.
Осы орайда, ҚМДБ Төрағасының қолдауымен білім ғимараты оқуға қажетті құрылығылармен қамтамасыз етіліп, шәкірттердің қолданысына берілді.
Жаңа білім ғимаратының қызметіне қолдау білдіріп, шәкірттердің заман талабына сай білім алуына қолдау білдіріп, демеушілік көмек көрсеткен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына аймақтық мешіттің дін қызметкерлері мен шәкірттер қауымы ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы