Center Image
IHSAN.KZ
«Пайғамбарға арнау» атты мәуліт кеші өтті
«Пайғамбарға арнау» атты  мәуліт кеші өтті

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітіне жас жеткіншектер арасында  «Пайғамбарғаарнау» атты тәлімді мәуліт шарасы өтті.

Өнегелі рухани кешке жиналған жеткіншектерді «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлы арнайы құттықтап, Мәуліт мерекесінің ерекшелігі мен қадір-қасиетіне тоқталды.

Шара аясында бүлдіршіндер Алла елшісіне «с.а.с» арналған өлеңдерін оқыды. Одан кейін мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы жеткіншектерге Пайғамбар «с.а.с» өміріне қатысты қызықты насихатымен бөлісті.

Көпке тәлім берген аталмыш мәуліт шарасының соңында рухани кешке қатысушы барлық бүлдіршіндерге тәттілер тарту етілді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz