ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен қаладағы қарттар үйі зиярат етілді.
Қарттар күнінің құрметіне орай өткен шара барысында қамқорлықтан тыс қалған қариялардың құрметіне дастархан жайылып, сыйлықтар тарту етілді.
Шараны ұйымдастырушы әрі қордың облыс бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлы қариялармен кездесу барысында оларға өзінің ыстық лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы