Center Image
IHSAN.KZ
Республика күніне орай студенттермен кездесу өтті
Республика күніне орай студенттермен кездесу өтті

   Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы Ермахан Оралбай Қарағанды политехникалық универиситетінде  студенттермен кездесу өткізді.

Шара барысында алдымен студенттерді қасиетті мәуліт айымен құттықтап, берекелі айдың қадір-қасиеті жайлы насихат айтты. Одан кейін, «Тәуелсіздің Алланың берген нығметі» тақыбында уағыз айтты. Келелі кездесу,  «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жалғасып, болашақ маман иелеріне салт-дәстүріміздің құндылықтары дәріптелді. Дін мамандары студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz