ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Айгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған Мәуліт мерекесі өткізілді.
Аталмыш шара мешіт ұстаздары Арай Серғалиқызы және Айгерім Берікболқызының әйелдер қауымын берекелі мейраммен құттықтау сөзінен басталды.
Рухани кеште мешіт шәкірттері өткен ұстаздар күнінің құрметіне орай және мәуліт мерекесінің құрметіне «Әнет баба» мешітінің ұстаздары Арай Серғалиқызы және Айгерім Берікболқызына ерекше ілтипат пен құрмет көрсетіп, алғыстарын білдірді. Шара барысында ұстаз Айгерім Берікболқызы әйелдер қауымына Мәуліт мерекесінің ерекшеліктерін баяндап өтті. Сонымен қатар, «Пайғамбар сипаты» тақырыбында насихат айтты.
Мерекелік дастархан басында арнаулы қонақтар мен ақ самайлы аналар құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мерейін асыра түсті. Алла Елшісінің (ﷺ) өнегелі өміріне қатысты сұрақ-жауап сайысы да жиналған жамағатқа екі дүние сардарының шұғылалы өмір-белестерінен зор мағлұмат берді.
Рухани шара барысында пайғамбарымызға (с.а.с) сағыныш хаты, монолог оқылды.
Одан кейін, мәуліт жыры оқылып, бата жасалды.
Шара соңында әжелер қауымына сыйлықтар тарту етіліп, берекелі кешке жиналған аналар мен қыз-келіншектер осындай игі шараның өтуіне мұрындық болған ұстаздар қауымына ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы