Center Image
IHSAN.KZ
Мешіт жамағаты дәстүрлі жиныда бас қосты
Мешіт жамағаты дәстүрлі жиныда бас қосты

   ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жамағаты дәстүрге айналған рухани кеште «Ғайбаттың зияны» тақырыбында насихат тыңдады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында жүзеге асқан  шара барысында мешіт жамағатының құрметіне  берекелі дастархан жайылып, ас берілді.

Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеште Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы дін мен дәстүр аясында және «Ғайбаттың зияны» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан берекелі отырыста жүзден астам мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz