Center Image
IHSAN.KZ
«Эталон 2023» ЖШС ұн өндірісі сертификатын жаңартты
  «Эталон 2023» ЖШС ұн өндірісі сертификатын жаңартты

    Қарағанды қаласындағы  «Эталон 2023» ЖШС наубайханалық ұн өндірісінің  «ҚМДБ халал» сертификаты жаңартылды.

Арнайы жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары барысында, «Халал Даму» ЖШС-ның жауапты мамандары тексеріс жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорынның қызмет барысы мен өндіріс жұмыстарын толық қадағалап, өнімдерін сараптамадан өткізді.

Арнайы жаңартылған сертификатты Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.

 «ҚМДБ халал» таңбасымен шығарылатын «Эталон 2023» наубайханалық ұндарын дүкен сөрелерінен таба аласыздар.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz