Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласының діни ахуалы талқыланды
Шахтинск қаласының діни ахуалы талқыланды

   Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласының әкімшілік ғимаратында  аймақтың діни ахуалына қатысты жиын өтті.  Жиынға аймақтық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлы және өзге де дін өкілдері қатысты.

Жиын барысында жергілікті имамдардың аймақ жалқының рухани өміріне қосқан үлесінің ерекше екендігі аталып өтті.

Жергілікті мешіттердің тыныс-тіршілігіне қатысты әңгімеде мешіт құрылыстары, дін қызметкерлерінің жағдайы, мешіттерді құжаттандыру сынды өзге де мәселелер ортаға салынды.

Сонымен қатар, қайырымдылық жұмыстарын бірлесіп атқару, асыл діннің насихаты, жат ағыммен күрес тақырыбы сөз болды. 

Сондай-ақ әкім  ауданның діни ахуалына мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, бірлесіп қызмет атқаратындығын жеткізіп,  имамдармен  ұлттық құндылықтармен рухани тәрбиені насихаттау, дамыту бағытында бірқатар шаралар жасауға келісті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz