Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітіне бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді
 «Бала қажы» мешітіне бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді

    ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  бас имамы Естай Айтуғанұлы басқару-бақылау жұмыстары бойынша өкілдікке қарасты Қарағанды  қалалық «Бала қажы» мешітіне ат басын бұрды.

Мешіт имамы Махмұд қажы Нұрұлы құлшылық үйінің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, аймақтың дін қызметкерлерінің қызмет барысынан хабар берді.

Облыс бас имамы аймақтық мешітті жан-жақты аралап, соңғы кездері орын алып жатқан көңіл көншітер жаңалықтармен де танысты.⠀

Қазіргі уақытқа дейін құлшылық үйінің қабырғаларына жөндеу  жүргізіліп, күмбезі жаңартылған. Сонымен қатар, ауласына тас төсеу жұмыстары жасалған.

Одан бөлек мешіттің тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді.

Сондай-ақ,  мешіттің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.⠀

Мешіт имамы Махмұд қажы Нұрұлы аймақтың қазіргі діни ахуалы жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Облыс бас имамы аталмыш аймақтың қызмет барысымен толықтай танысып, жергілікті имамдардың жұмыстарына сәттілік тіледі.⠀

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz