Center Image
IHSAN.KZ
«Адамзаттың асыл нұры» атты мәуліт кеші өтті
«Адамзаттың асыл нұры» атты мәуліт кеші өтті

   Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (с.а.с) туылған мәуліт айының құрметіне арналған «Адамзаттың асыл нұры» атты рухани  мәуліт кеші өтті

 Рухани шара мешіт имамы Ермол Мұқанұлының бастамасымен жүзеге асты.

Мерейлі мерекеге жүзге жуық   жамағат қатысып, құлшылық ордасынан рухани нәр алып қайтты.

Құран аяттарын оқуымен басталған рухани шарада  мешіт имамы жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтап, Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихынан сыр шертіп, салауат айтудың артықшылығы жайында насихат айтты.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.с) берекеті, қадір-қасиеті, тұлғалық түр сипаты тақырыптарында уағыз айтылып, Таифқа сапар оқиғасының мәні түсіндірілді.

Бұдан кейін Бәрзәнжи мәулітін оқып, Құран хатым дұғасы жасалды. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды.  

Мерекелік шара аясында берекелі дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz