ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы «Хадж» сүресі 5- аяттың мағынасы аясында шәкірттерге уағыз айтты.
“Уа, адамдар, егер өлгеннен кейін қайта тірілуге қатысты күмәндарың болса, (біліп қойыңдар) Біз сендерді әу баста топырақтан жараттық, содан кейін сендерді (ер мен әйелден бөлініп, әйелдің жатырында тұрақтайтын) бір-екі шәһуат тамшысынан, содан соң жатырға (сүліктей) жабысқан ұйысқан жасушадан һәм содан кейін жаратылысы белгілі деңгейде қалыптасқан, алайда толық қалыптаспаған бір шайнам етке ұқсаған шақалақтан (эмбрионнан) жараттық. Міне, осылайша, сендерге (өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігін әрі өздеріңнің қайдан келгендеріңді) анықтап көрсетеміз. Содан Біз дүниеге келуін қалаған ұрықты жатырларға жақсылап орналастырамыз да, белгілі уақытқа дейін сол жерде ұстаймыз. Кейін сендерді нәресте етіп, жарық дүниеге шығарамыз. Содан соң (ақыл-ой, күш-қуат жағынан) кемелденіп, өсіп-жетілулеріңе жағдай жасаймыз. Араларыңнан кейбіреулер жастай өледі, ал енді біреулерің әбден қаусап, алжитын шаққа дейін жетеді. Сөйтіп олар бұрын-соңды біраз нәрселер үйреніп, білген болса да, қайтадан түк білмейтін күйге түседі. Сондай-ақ (өлгеннен кейін қайта тірілетіндеріңе тағы да бір дәлел ретінде) жердің құп-құрғақ екенін көресің. Алайда оған (көктен) жауын жаудырғанымызда (әлгі өлі жер) бірден дүр сілкініп, қопсып, жанданып, көздің жауын алатын әрі көңілге қуаныш ұялататын әр алуан өсімдіктерді жұп-жұбымен өсіріп шығарады.”
(«Хаж» сүресі 22:5)
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы