Center Image
IHSAN.KZ
Орыс жігіті Ислам дінін қабылдап, Иса атанды
Орыс жігіті Ислам дінін қабылдап, Иса атанды

   Алла иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайды. Бүгінде Ислам дініне бет бұрушылардың саны күн санап артып келеді.     Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітіне  келген Юра есімді орыс ұлтының өкілі Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылмандықты қабылдауға ниетті екенін білдірді.  Осындай ағынан жарылып келген жаннан мешіттің наиб имамы   Айтқазин Рауан  дінге келудегі мақсатын сұрап, оған Ислам діні туралы уағыз айтты.

Ислам діні жүрегіне жақын болып, шынайы мұсылман болуға деген талпынысы бар жанға кәлима шахадатты айтқызып, есімін Иса деп өзгертті. Сондай-ақ,  хақ дініндегі бес парызды түсіндірді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz