Center Image
IHSAN.KZ
Облыс бас имамы «Бала қажы» мешітінде жұма уағызын айтты
Облыс бас имамы «Бала қажы» мешітінде жұма уағызын айтты

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты қалалық «Бала қажы» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀

Алла елшісін (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көру тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншіліктің айқын көріністерінің бірі – Алла Елшісін және оның өмірін үлгі тұту. 

Алла Тағалаға иман келтіріп, Оның хақ дініне бойұсынған адам, Алла Тағаланың Пайғамбарына да бағынып, Оны жақсы көре білуі тиіс. Себебі Алла елшісін жақсы көру – мұсылманның иманының кемелдігінің көрінісі»,-деді. ⠀

Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz