ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Неке бақыты» атты отбасыларға арналған рухани кездесу болып өтті.
Мешіт наиб имамы әрі «Ізгі қоғам» бағытының жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлының ұйымдастыруымен өткен шара барысында жас отбасыларға «Отбасы құндылықтары», «Ер мен әйелдің отбасындағы орны», «Жанұя жарасымы», «Бала тәрбиесі» сынды тақырыптар аясында насихат айтылды.
Сондай-ақ, келелі отырыс барысында неке қию рәсімі өтіп, жаңадан отау құрған жастарға некенің шарттары түсіндірілді.
Отырыс соңында рухани отырысқа қатысушылар дін қызметкеріне көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы