Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешітінде мәуліт мерекесі болып өтті
 Саран қалалық мешітінде мәуліт мерекесі болып өтті

   Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (с.а.с) туылған мәуліт айының құрметіне арналған рухани  мәуліт кеші өтті

 Рухани шара мешіт имамы Нұржігіт Оразалыұлының бастамасымен жүзеге асты.

Мерейлі мерекеге облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы арнайы қатысып, аймақ жамағатына облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының ыстық сәлемі мен құттықтау лебізін жеткізді. Жүзге жуық   жамағат қатысып, құлшылық ордасынан рухани нәр алып қайтты.

Құран аяттарын оқуымен басталған рухани шарада  мешіт имамы жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтап, Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихынан сыр шертіп, салауат айтудың артықшылығы жайында насихат айтты.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.с) берекеті, қадір-қасиеті, тұлғалық түр сипаты тақырыптарында уағыз айтылды.

Бұдан кейін Бәрзәнжи мәулітін оқып, Құран хатым дұғасы жасалды. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. 

Бұдан бөлек,  мәуліт айының құрметіне орай жамағат арасында салауат айтудан өткен сайыс мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Нәтижесінде алпыс адам бақ сынасып, жүлделі орын алғандар марапатталды. Атап айтқанда, І орын 50 000 теңге, ІІ орын 30 000 теңге, ІІІ орын 20 000 теңге. Арнайы сертификатты аймақ имамы табыстады.

Мерекелік шара аясында берекелі дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz