Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында Нұра аудандық мешітінің имамы Ерлан Серікұлы Көбетей ауылына арнайы ат басын бұрып, аймақ жамағатымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында насихат айтты. Сонымен қатар, аудан имамы ізгі қоғамды қалыптастыру, қоршаған ортаға құрмет, бауырмалдық, туыстық қарым-қатынас, отбасы мәселесі тақырыптары аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы