Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы және аймақ имамы Нұржігіт Оразалыұлы «Абай Құнанбаев» атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Келелі кездесу барысында жастарға арналған өзекті мәселелер мен тақырыптар қозғалып, уағыз-насихат айтылды. Әсіресе, қазіргі жастардың тәрбиесіне сабақтас дүниелер қозғалды. Шара соңында жастардың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу жүргізілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы