Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің жамағаты «Нурул идох» кітабы бойынша дәріске қатысып, сауат ашуда.
Арнайы дәрісті Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Олжабек Мурсали жүргізіп, мешітке келушілерге ханафи мазхабы фиқһ дәрістері бойынша сабақ беруде.
Мешіт имамы Жандос Әшімұлының бастамасымен жүзеге асқан рухани дәріс жергілікті жамағаттың діни сауат ашуына, рухани жандануына үлкен септігін тигізуде. Айта кетейік, аталмыш дәріс әр сейсенбі және жексенбі күні өтеді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы