Center Image
IHSAN.KZ
Теміртау шәкірттері «40 хадис» кітабы бойынша білімдерін сынады
Теміртау шәкірттері  «40 хадис» кітабы бойынша білімдерін сынады

   Қарағанды облысына қарасты Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде әйелдер жамағатына «40хадис» кітабы бойынша сайыс ұйымдастырылды.

Игі шара мешіт ұстаздары Шакенқызы Бағдат және Дәуірғалиқызы Ақниет ұстаздардың мұрындық болуымен жүзеге асты.

Жарыс Құран оқумен басталып, ұстазардың  уағыз насихат айтуымен жалғасты. Одан кейін, шәкірттер өзара бақ сынасып, білімдерін сынға салды. 

Үш кезеңнен тұрған сайыс тартысты өтіп, шара соңында барлық қатысушыларға Имам Нәууәуидің 40хадис кітабы тарту етілді. Сонымен қатар,   шәкірттер қауымы  бір - біріне сыйлықтар тарту етіп, игі шараны ұйымдастырған мешіт ұстаздарына алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz