Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата»  мешітінде әйелдер жамағатына арналған мәуліт кеші болып өтті
«Төлеутай ата»  мешітінде әйелдер жамағатына арналған мәуліт кеші болып өтті

   Қарағанды қалалық «Төлеутай ата»  мешітінде әйелдер жамағатына  екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (с.а.с) туылған мәуліт айының құрметіне арналған рухани  мәуліт кеші өтті

 Рухани шара мешіт имамы Серік Аманбайұлының бастамасымен  және мешіт ұстазы Фатима Аманболдықызның ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Құран аяттарын оқуымен басталған рухани шарада  мешіт имамы жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтап, Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихынан сыр шертіп, салауат айтудың артықшылығы жайында насихат айтты.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.с) берекеті, қадір-қасиеті, тұлғалық түр сипаты тақырыптарында уағыз айтылды.

Бұдан кейін Бәрзәнжи мәулітін оқып, Құран хатым дұғасы жасалды. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды.  Шәкірттер қауымы қойылым қойды.

Бұдан бөлек,  мәуліт айының құрметіне орай жамағат арасында салауат айтудан және жыр мүшайрадан өткен сайыс мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. 

Жалпы 779 619 салауат жолданды.

 Салауат айту сайысы бойынша:

І  орын Торбаева Светлана 154 657 мәрте;

ІІ орын Төлегенова Зейнеб 142 689 мәрте;

ІІІ  орын Орынбасар Назым 114 398 мәрте.

Жыр Мүшәйра бойынша бас жүлде Сабденкулова Асемге бұйырды.

Арнайы сертификатты аймақ имамы табыстады. 

Мерекелік шара аясында берекелі дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz