ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жүзеге асып жатқан «Ислам және ізгі қоғам» аясындағы бас қосу өз жалғасын тапты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында жүзеге асқан шара барысында мешіт жамағатының құрметіне берекелі дастархан жайылып, ас берілді.
Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеште облыстық мешіттің ұстазы Юсуфбек Шұғайұлы жиналған жамағатқа уағыз насихат айтты.
Жүзден астам мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы