Center Image
IHSAN.KZ
Қарабас кенті мешітінде мәуліт оқылды
Қарабас кенті мешітінде мәуліт оқылды

   Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы Қарабас кенті мешітінде Пайғамбарымыздың (с.а.с) туылған мәуліт айының құрметіне арналған рухани  мәуліт кеші өтті

 Рухани шара мешіт имамы Шарифулла Шадиефтің бастамасымен жүзеге асты.

Құран аяттарын оқуымен басталған рухани шарада  мешіт имамы жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтап, Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихынан сыр шертіп, салауат айтудың артықшылығы жайында насихат айтты.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.с) берекеті, қадір-қасиеті, тұлғалық түр сипаты тақырыптарында уағыз айтылды.

Бұдан кейін Бәрзәнжи мәулітін оқып, Құран хатым дұғасы жасалды. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. 

Мерекелік шара аясында берекелі дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz