Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қаласындағы діни дүкендер тексерілді
Қарағанды қаласындағы діни дүкендер тексерілді

   Қарағанды қаласындағы мешіт аумағында орналасқан діни дүкендердің кітаптарын тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру жұмыстарын Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы әрі діни сараптама бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Юсуфбек Шұғайұлы тексеріп, зерделеді.

Негізгі мақсаты – мешіт аумағындағы діни дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебі –  дін мен дәстүрге сай діни әдебиеттердің  ғана сатылуын қадағалап отыру. Ел арасында ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу және алдын алу болып табылады.

Сондай-ақ,  діни дүкен иелеріне қойылатын талаптың бірі -сатылымдағы әрбір діни кітап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму миинистрлігінің Дін істер комитетінің дінтану сараптамасы мен бірге  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар ғана салытымға рұқсат етіледі.

Айта кетсек, Қарағанды қаласында мешіт аумағында жалпы саны 7 діни дүкен жұмыс жасап келеді. Өкілдік тарапынан тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

 

.ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz