Center Image
IHSAN.KZ
Рухани келісім күніне орай кездесу өтті
Рухани келісім күніне орай кездесу өтті

   Қарағанды облысы, Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Қарубай Берікұлы рухани келісім күніне орай «Ы.Алтынсарин» атындағы мектеп гимназиясының оқушыларымен кездесу жүргізді. 

Кездесу барысында қоғамдағы аса маңызды тақырыптардың бірі «діндераралық достық, халық арасындағы татулық пен сыйластық» төңірегінде насихат айтылып, барша адамзатқа өмірі өрнек болған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзге дін өкілдерімен қалай қарым-қатынас жасап, қандай мәміледе болғандығы турасында тоқталып өтті. 

Сонымен қоса, асыл дініміз Ислам күллі адамзаттың түрі мен түсіне, ұлты мен ұлысына, тегі мен нәсіліне, діні мен діліне қарамастан ынтымақ пен бірлікке, бейбітшілік пен келісімге, өзара төзімділікпен бір ортақ ымыраға келуге шақыратын дін екендігі жөнінде насихаттар  айтты.


 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz