Қарағанды облысы, Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Қарубай Берікұлы және Шет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің және өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының қызметкері арасында жат ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Келелі кездесуде аудандық жастар ресурстық орталығының теолог маманы бөлім қызметкерлеріне өзекті мәселелер мен жаңа заңнаманың маңыздылығын түсіндіру, терроризм және діни экстремизм көріністерінің зардабын ескерту және конфессияаралық келісімнің «қазақстандық нысанын» насихаттау, дәстүрлі діннің құндылықтарын тарату, адамзат қоғамының рухани құндылықтары туралы және оны құрметтеу, білу, ақпараттық жүйедегі қатерлі мәселелер туралы таныстыру, саралау, жастардың жанұя, отбасын сыйлау, оның маңызы туралы түсінігін арттыру, бейбіт өмір басты бақыт екенін сезінуіне жол ашу секілді маңызды мәселелерге тоқталды.
Адам баласына өмірі өрнек болған Пайғамбарызымыдың (с.ғ.с.) өзге дін өкілдерімен қалай қарым-қатынас жасағандығы, қандай мәміледе болғандығы, халық ауыз әдебиеті мен байрығы билердің байыпты сөз, мәйекті мысалдары арқылы айтылған насихат пайдалы болғандығы бөлім қызметкерлерінің сағаттан астам уақыт тапжылмай тыңдауынан ақ көрініп тұрды.
Емін еркін әңгімелесу форматында өткен шараға барлығы белсенді қатысып, көкейлерінде жүрген сауалдарының жауабын алды.
Алдағы уақытта да дін мен дәстүрді бойына қатар сіңіріп, қазақы мақал-мәтелдер мен ғибратты сөздерді уағыз-насихаттарына арқау еткен дін мамандарының мұндай кездесулері жастарды имандылыққа, жат ағымдардың жетегінде кетпеуге, жақсылыққа ұмтылуы мен зиян әдеттерден аулақ болуға даңғыл жол салары сөзсіз.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы