Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қарттар күніне орай «Қазыналы қарттарым аман болсын» атты рухани шара болып өтті.
Шараның алғы сөзін облыстық мешіттің ұстазы Думан Қамариденұлы ашып, рухани отырысқа қатысушыларға насихат айтты.
Шара барысында әжелерге арнайы дастархан жайылып, кәде сыйлақтар тарту етілді.
Одан кейін, мешіт ұстазы Арай Серғалиқызы әжелер қауымына өзінің ыстық лебізін білдірді. Кезекті сөз кезегі «Әйел-қыздар» секторының өңір бойынша жауапты меңгерушісі әрі мешіт ұстазы Айгерім Берікболқызына беріліп, қариялардың қоғамдағы орнына қатысты насихат айтты.
Жиын соңында әжелер қауымы берекелі шараны ұйымдастарған мешіт ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, игі шара мешіт шәкірттерінің ат салысуымен жүзеге асты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы