Center Image
IHSAN.KZ
Саранда дін қызметкерлері марапатталды
Саранда дін қызметкерлері марапатталды

   Қарағанды облысына қарасты Саран қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен  дін аралық келісім  және республика күніне орай келелі отырыс болып өтті. Шара барысында аймақтың дін қызметкерлері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Игі шараға Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлы және аймаққа қарасты өзге де дін өкілдері қатысты.

Келелі кездесуде қала әкімінің  орынбасары асыл дініміздің өркендеуі жолында ерен еңбек етіп жүрген аймақ имамдарын арнайы алғыс хатпен марапаттап, қызметтеріне ризашылығын білдірді.

 
 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz