Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында мешіт жастарына қазақтың ұлттық ойындары насихатталды.
Мешіт ауласында ата дәстүр салтымыздан келе жатқан ұлттық ойындар ойнатылды. Атап айтқанда, арқан тартыс, асық ату ойындарынан мешіт жастары мен шәкірттері өнер көрсетті.
Шараның басты мақсаты қазақ жастарының бойына ұлттық құндылықтарымызды сусындату.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы