«Дархан дала» жобасы аясында «Жалаңтөс батыр» мазары зиярат етіліп, бабалар рухына құран бағыштады.
Шараға «Қамқор-Шарапат» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы бастаған зиялы қауым өкілдері және бабамыздың ұрпақтары қатысты.
Айта кетсек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Дархан дала» жобасы іске қосылған болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы