Center Image
IHSAN.KZ
«Бала Қажы» мешітінің имамы «Бірлік» алтын медалімен марапатталды
«Бала Қажы» мешітінің имамы «Бірлік» алтын медалімен марапатталды

   Республика күні ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Махмуд Қажы Нұрұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен наградталды.

Махмуд Қажы Нұрұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды қаласының  “Бала Қажы” мешітінің  имамы. Ол елдің діни сауатын ашуға, жастарды имандылыққа тәрбиелеуге, достықты дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Мемлекеттік марапат оған халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін берілді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz