Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы басқару-бақылау жұмыстары бойынша өкілдікке қарасты Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітіне ат басын бұрды.
Мешіт имамы Ербол Мұқанұлы құлшылық үйінің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, аймақтың дін қызметкерлерінің қызмет барысынан хабар берді.
Облыс наиб имамы аймақтық мешітті жан-жақты аралап, соңғы кездері орын алып жатқан жаңалықтармен де танысты.⠀
Бақылау жұмыстары барысында аймақтық мешіттің дін қызметкерлері мен ақсақалдарына «Ас беру» мәдениеті, «Зират және зиярат» құжаттарына қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Одан бөлек мешіт маңындағы мәйітханаға тексереу жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек мешіттің қысқы дайындығы пысықталып, жаңадан орнатылған жылу жүйесінің құрылғыларымен танысты. Мешіттің тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді.
Мешіт имамы Ербол Мұанұлы аймақтың қазіргі діни ахуалы жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Облыс наиб имамы аталмыш аймақтың қызмет барысымен толықтай танысып, жергілікті имамдардың жұмыстарына сәттілік тіледі.⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы