Center Image
IHSAN.KZ
Облыс бас имамы Балқаш қалалық мешітіндегі қайырымдылық шарасына қатысты
Облыс бас имамы Балқаш қалалық мешітіндегі қайырымдылық шарасына қатысты

   Республика күніне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  облысқа қарасты Балқаш қалалық мешітінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасына қатысып, әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға қайырымдылық қоржынын үлестірді.

Игі шара Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейілханұлының және өңір дін қызметкерлерінің мұрындық болуымен жүзеге асты. 

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – бұл қайырымдылық. Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», дейді. Сол себепті әдеттегі үрдіс бойынша қоғам мен халықтың игілігі үшін «садақа жария» жасалып отыр,-деді облыс бас имамы қайырымдылық шарасы барысында.  ⠀

Сондай-ақ,  келушілерге жылы лебізін білдіріп,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес өңір-өңірлерде имамдар тарапынан рухани һәм материалдық көмек мүмкіндігінше көрсетіліп келе жатқанын және бұдан кейін де аталмыш игі дәстүр жалғасын табатынан жеткізді.⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz