Center Image
IHSAN.KZ
Облыс бас имамы Балқаш қаласының имамдарымен басқосу жиынын өткізді
Облыс бас имамы Балқаш қаласының имамдарымен басқосу жиынын өткізді

   ҚМДБ-ның  Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Балқаш қаласына барғаніс-сапарында  аймақтың  имамдармен кездесу өткізді.

 Кездесуге  Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейілханұлы бастаған  аймақ дін қызметкерлері қатысты. 

Жиында облыс бас имамы қасиетті дініміз халқымыздың сан ғасырдан бері рухани құндылығы болыпсаналатынын, сондықтан да ҚМДБ-ның бастамасымен жүргізіліп жатқан игі жобалар  жалғасын табаберетінін  атап  өтті.

«Діни басқарманың жергілікті жерлердегі дін қызметкерлері, мешіт имамдары тек дін саласында ғанаемес, өзге де салаларда да өз білім-біліктіліктерін артырулары тиіс. Мемлекет тұтастығы,Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жасалып жатқан игілікті істерімізді одан әрі жалғастыруқажеттігін жұртшылққа ұғындыру да діни қызметшілердің – бір міндеті. Мешіт қызметшілеріисламдағы дәстүрлі бағытымыз бен түрлі теріс ағымдардың ерекшеліктерін дұрыс түсіндіру үшінхалықпен, әсіресе жастармен жұмыс жүргізе білулері керек», - деді  Естай Айтуғанұлы.        

Сонымен қатар, Бас имам дін қызметкерлеріне имамдар форумында бекітілген басты құжаттарды нақты жүзеге асыру, еліміздегі мешіт имамдарының атқаратын  бес бағыттағы іс-шараларды әрқашанбасты назарда ұстау және тағы басқадай мәселелер тұрғысында келелі кеңестер берді. Діниқызметкерлерінің  өзара тығыз байланыста болып, әртүрлі рухани-мәдени және спорттық шаралардыұйымдастыра білудің де маңызын ескертіп, соңында Балқаштық   имамдарының атқарып жатқанжауапты да сауапты қызметтеріне табыс тіледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz