Center Image
IHSAN.KZ
Қантай ауылында «Ас беру мәдениеті» құжаты бойынша кездесу өтті
Қантай ауылында  «Ас беру мәдениеті» құжаты бойынша кездесу өтті

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында Нұра аудандық мешіт имамы Ерлан Серікұлы Қантай ауылына арнайы сапармен барып, аймақ жамағатымен кездесу өткізді.

Өткен жиынға мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты. Аудан имамы жиынға қатысушыларға аталмыш құжатты қабылдаудағы мақсат – еліміздің барлық аймағы бойынша құдайы астарды шариғат шеңберінде, салт-дәстүр аясында өткізу және кейбір отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын, ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және оны насихаттау екендігін айтып түсіндірді. Осы орайда, жамағатқа құжатта көрсетілген барлық талаптарды берік ұстанып, оны барынша халыққа насихаттау керек екенін айтып өтті. Сондай ақ, рухани жиын барысында «Ихсан ілімі» бойынша насихат айтылды.⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz