Center Image
IHSAN.KZ
Саранда «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты түсіндірілді
Саранда «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты түсіндірілді

   Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен мешіт дін қызметкерлері мен  жамағатына және ақсақалдар қауымына «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қызметін түсіндіру шарасы болып өтті. 

Шараға бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы қатысып, мешіт жамағатына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Шараға мәслихат төрағасы Өміржан Зейнешов және қала әкімінің орынбасары Бискеев Сағынбек, ақсақалдар алқасының төрағасы және аймақтың құрметті азаматтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында  «Зират және зиярат», «Ас беру мәдениеті», жаназа және жерлеу мәселесіндегі дәстүр, әдеттерді бір ізге түсірумақсатында дәріс оқыды. 

«Зираттарымыз өз дәрежесінде қамқорлыққа алынып, діни сауаттанған қызметкерлер шұғылданатын болса, халық арасында да бірізділік қалыптасады. Зиратқа қатысты мәселемен барушыларға және зиярат етушілерге шариғат шеңберінен шықпайтындай зиярат әдептерін үйретіп, қызмет ететін, шариғи білімі бар маман болғаны және жерлеу рәсімдерін толыққанды шариғат талаптарына сай дұрыс өткізу сауапты амал»,-деді Бақдәулет Қыдырбайұлы.

Сонымен қатар, шараға қатысқан жамағатқа арнайы ақпараттық кітапшалар тарту етіліп, тыңдармандардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Жиын соңында мешіт имамы Нұржігіт Оразалыұлы облыстан арнайы келген бөлімнің жауапты өкіліне өзінің алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz