Center Image
IHSAN.KZ
Республика күніне орай қажы апалар бас қосты
Республика күніне орай қажы апалар бас қосты

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен мешіттің қажы апалары республика күніне орай рухани шара ұйымдастырып, берекелі дастарханда бас қосты.

Ұлттық мерекенің құрметіне орай өткен шара барысында мешіт ұстазы әжелер қауымына өзінің ыстық лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, уағыз-насихат айтты. Әжелер қауымы да өз кезегінде құттықтау лебіздерін білдіріп, Құран оқып, ел болашығы мен егемендігі үшін дұға жасады.

 

 Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz