Center Image
IHSAN.KZ
Ақмешіт ауылында «Зират пен Зиярат» құжаты бойынша кездесу өтті
Ақмешіт ауылында   «Зират пен Зиярат» құжаты бойынша кездесу өтті

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында Нұра аудандық мешіт имамы Ерлан Серікұлы Ақмешіт ауылына арнайы ат басын бұрып, аймақ жамағатымен кездесу өткізді.

Өткен жиынға мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты. Аудан имамы жиынға қатысушыларға аталмыш құжатты қабылдаудағы мақсат – жерлеу рәсімдерін бір ізге түсіру мақсатында дайындалған бұл құжат зират тұрғызу мен зиярат жасаудың, кесене салудың жалпыға ортақ, бірыңғай мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Құжатта көрсетілгендей, зират көтерудің өз мәдениеті бар. Әрине, қайтыс болған кісінің есімі мен жатқан жері белгілі болсын деген мақсатпен басына құлпытас қойған дұрыс. Алайда, зират басына үлкен ескерткіштер, сәнді қоршаулар, мүсін кеуделер тұрғызу марқұмға ешқандай пайда бермейтіндігін атап өтті.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz