Center Image
IHSAN.KZ
Ақмешіт ауылында салт-дәстүр дәріптелді
Ақмешіт ауылында салт-дәстүр дәріптелді

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында Нұра аудандық мешіт имамы Ерлан Серікұлының ұйымдастыруымен Ақмешіт ауылында жас бүлдіршіндер арасында «тоғыз құмалақ және арқан тартыстан» сайыс өтті.

Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі болсын) мәуліт тойына арнайы ұйымдастырылған іс-шара барысында аудан имамы: «Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Шығу тарихы ежелгі кезеңдерді қамтиды. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Бұл ойын адамның ақыл-ойын дамытып, тапқырлыққа баулиды. Кез келген ұлт, халық, ел, мемлекет өркениет биігіне ұмтылған сайын өзінің төл болмысын зерделеп, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, өрісін кеңейтіп отырудың қажеттілігі жоғары» деп атап өтті.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz