Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде Қағба жамылғысының көрмесі өтті
«Төлеутай ата» мешітінде Қағба жамылғысының көрмесі өтті

    Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінде Меккедегі қасиетті Қағбаның жамылғысы- кисваның көрмесі өтті.

Қасиетті мәуліт айының құрметіне орай өткен ерекше көрмеге ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған өңірдің дін қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері және аймақ тұрғындары қатысты.

Көрме тамашалаушыларына аймақтық мешіттің имамы Серік Аманбайұлы қасиетті кисваның тарихын түсіндіріп, ондағы жазылған Құран аяттарының мән-мағынасын баяндады.

Меккелік арабтардың Қазақстан мешіттеріне арнайы сыйға берген Қағба жамылғысы «Төлеутай ата» мешітінде бір аптаға жуық уақыт тұрды. 

Қызығы, кисваның бұл бөлігі қасиетті Қағбаның есік тұсына жабылған.

Шара барысында облыс бас имамы арнайы Құран оқып, екі дүние сардары болған Пайғамбарымыздың (с.а.с) рухына арнап дұға бағыштаса, келуші жамағат тарапынан салауаттар жолданды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz