Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен мешітте күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Алғаш ашылған жылдан бастап жөндеу жұмыстары жүргізілмеген құлшылық үйінің барлық бөлмелері жаңартылып, жайнамазы ауыстырылмақ. Мешіттің дәлізінен бастап ерлер және әйелдер намазханасы, сонымен қатар, ғимараттың басқа да қызметтік бөлмелері заман талабына сай жаңартылмақшы.
Бұған дейін мешіттің сырты, ауласы, кіреберісі және барлық құбырлары жаңартылып, жаңа мәйітхана мен дәрет алатын орындар салынған болатын.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы