Center Image
IHSAN.KZ
Нұра ауданы: «Ихсан - рухани тәрбие негізі» атты кезекті семинар өтті
Нұра ауданы: «Ихсан - рухани тәрбие негізі» атты кезекті семинар өтті

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес облысқа қарасты Нұра ауданында «Ихсан рухани тәрбие негізі» атты семинар болып өтті.

Семинарға аудан имамы  Ерлан Серікұлы бастаған аймаққа қарасты имамдар мен ұстаздар қатысты.

Аудан имамы Ерлан Серікұлы жалпы имамдар пайғамбар жолында жүрген тұлғалар екенін атап өтіп: «Имамдарымыз Ихсан ілімін ең әуелі өз өмірлеріне арқау етуі қажет. Жеке адамға болсын, жамағатқа болсын бір насихат айтпас бұрын, сол ілімге өзіміз лайықты болуымыз керек. Сол кезде ғана ойларымыз бен іс-әрекетіміздің арасында үйлесімділік орнап, айтқан сөздеріміз адамдардың жүрегіне жетіп, оң өзгерістерге септігін тигізе аламыз. Дана халқымыз «ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деп бекер айтпаған. Рухани-адамгершілік құндылықтарды өз бойына сіңірген ұстаз ғана, өзге адамдардың жетілуіне мүмкіндік туғыза алатынын ұмытпаңыздар», деді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz