Center Image
IHSAN.KZ
Ислам дінін қабылдап, Аиша атанды
Ислам дінін қабылдап, Аиша атанды

    Қарағанды қалалық «Бала қажы»  мешітінде  Людмила есімді орыс ұлтының  өкілі Ислам дінін қабылдап, есімін Аиша деп өзгертті.

Оның мұсылмандықты қабылдау рәсімін «Бала қажы»  мешітінің наиб имамы Сұлтан Аманболұлы өткізіп, һақ дінімізді таңдаған қадамына сауап тіледі. Оған Исламдағы бес парызды түсіндіріп, шариғат шарттарынан хабар берді.

Мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы азаматшаның бұл қадамына шексіз ризашылығын білдіріп, діни кітаптарды тарту етті. Сонымен қатар, жайнамаз сыйға тартып, алдағы өтетін діни дәрістерге қабылдады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz