Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда «Ас беру мәдениеті» семинары ұйымдастырылды
Теміртауда «Ас беру мәдениеті» семинары ұйымдастырылды

   Теміртау орталық  «Әлихан Бөкейхан» мешітінде «Ас беру мәдениеті» құжатын түсіндіруге арналған семинар өтті.

Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Бейбіт Бақытжанұлы дін қызметкерлеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған бұл құжаттың маңызын тағы бір түсіндіріп, өңірімізге қарасты барлық елді мекендерде шариғат шеңберіне сай, салт-дәстүрімізге лайықты деңгейде ас беру, құдайы тамақ беру мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігіне тоқталды.

Бұдан бөлек, аталмыш құжатты халық арасында кеңінен насихаттауға шақырып, бұл мәселе жөнінде семинарға қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz