Center Image
IHSAN.KZ
Облыс бас имамы Шет ауданының әкімімен жүздесті
Облыс бас имамы Шет ауданының әкімімен жүздесті

  Шет ауданына ресми сапармен барған ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы аймақтың әкімі Мұхит Сайлауұлымен жүздесті. 

Кездесуге Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы  да қатысты.⠀

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізген облыс бас имамы ең алдымен жергілікті діни ахуалды басқосудың негізгі өзегі етті.⠀

Аудан басшысы жергілікті аудан, ауыл имамдарына қолдау білдіруге әзір екенін жеткізе отырып, аудандағы жастардың имандылыққа бет бұруы мен аймақтың діни қал-ахуалы өзекті мәселелер қатарында екенін айтты. 

Сол себепті ел келешегі мен өңіріміздегі діни тұрақтылық жолында бірге қызмет атқаруға дайын екенін жеткізіп, тараптар дін мен дәстүр сабақтастығы төңірегінде бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.⠀⠀
⠀⠀⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz