Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде Құран дәрістері тұрақты өтуде
«Әл Машани» мешітінде Құран дәрістері тұрақты өтуде

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының тапсырмасымен мешіт жамағатына Құран кәрім бойынша діни сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді.

Дәрісті мешіт дін қызметкері Молдай Жансұлтан ұстаз жүргізіп, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан бастап дәріс беруде. Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран әліппесі, тажуид сынды пәндер бойынша дәріс алуда. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz